5 сағат бұрын
«Арсенал» Букайо Сакамен келісімшартты бес жылға ұзартты
Фото: terrik-on.com
Букайо Сака «Арсенал» командасымен 2031 жылға дейін келісімшарта қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы команда сапындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы атанды. Ол аптасына 300 мың фунт стерлинг ақша алады.
Букайо Сака 2001 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. 2018 жылдан бері лондондық клуб сапында ойын көрсетіп келеді.
Ал 2020 жылдан бері Англия ұлттық құрамасы сапында ойнайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»