8 сағат бұрын
Бірінші лига чемпионы «Ертіс» сапына қайта оралды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
«Ертіс» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Вячеслав Раскатовпен еңбек келісіміне қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Вячеслав — «Ертіс» футбол орталығының түлегі. Ол кәсіби мансабын дәл біздің команданың сапында бастады. Ақ-көк жейдедегі сәтті ойынының арқасында былтыр Қазақстан жастар құрамасына шақырту алып, Андорраға қарсы жеңісті матчта дебют жасады. Өткен маусымның екінші бөлігін Вячеслав ақтаулық «Каспий» қатарында өткізіп, Бірінші лиганың чемпионы атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»