7 сағат бұрын
Қазақстан WU-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды
Фото: ҚФФ
Қазақстан WU-19 құрамасының аға бапкері белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандық маман Ксения Постовая 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасына аға бапкер болып тағайындалды.
Ксения Постовая футбол саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маман. 2019-2025 жылдары «Ертіс» клубының жастар командасында бапкер болды. 2025 жылы Қазақстан әйелдер U-17 құрамасында дене даярлығы жаттықтырушысы әрі аға бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
Бұған дейін 2022 жылы WU-19 құрамасында аға бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ҚФФ Техникалық орталығында нұсқаушы-тәлімгер ретінде де қызмет атқарған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»