Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Ислам Чесноков Шотландияның кезекті турында алаңға шыға ма?

Ислам Чесноков Шотландияның кезекті турында алаңға шыға ма?

Эдинбургтің «Хартс» клубы Шотландия чемпионатының 28-туры аясында «Фалкирк» командасына қарсы өтетін матчқа арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Эдинбургтік ұжымның бас бапкері Дерек Маккиннестің шешімімен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков негізгі құрамда алаңға шығады.

Отандасымыз «Хартс» сапындағы дебютін 17 қаңтарда Шотландия кубогында бүгінгі қарсылас «Фалкиркке» қарсы матчта өткізген. Сол кездесуде ойын пенальти сериясына дейін жетіп, Чесноковтың командасы жеңіліс тапқан еді.

Ал Шотландия Премьер-лигасы аясында ол «Хайберниан» командасына қарсы ойында (1:0) және «Рейнджерс» клубына қарсы матчта (2:4) алаңға шықты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»