3 сағат бұрын
АҚШ президенті Криштиану Роналдуға қатысты жазба жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп португалиялық шабуылшы, «Әл-Наср» клубының ойыншысы Криштиану Роналдуға үндеу жасап, оны Америкаға шақырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Роналду, сен барлық уақыттағы ең ұлы ойыншысың. Бізге Америкада керексің. Дереу жолға шық. Шұғыл қажетсің!» — деп жазды Трамп өзінің әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, ақпан айында Роналду клуб басшылығына наразылығына байланысты «Әл-Насрдың» матчтарына бойкот жариялаған болатын. Футболшы Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) тарапынан клубтың басқарылуына көңілі толмаған. Кейіннен ол қайта құрам сапына қосылды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов