6 сағат бұрын
Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы алғашқы голын соқты
Футболдан Шотландия чемпионатының 28-турында «Хартс» клубы өз алаңында «Фалкирк» командасын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алаң иелері сапынан негізгі құрамда шыққан Ислам Чесноков бірінші таймның соңғы минуттарында мергендік танытып, есеп ашты. Дәл қазіргі сәтте «Хартс» клубы бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:0 есебімен алда тұр.
Айта кетейік, 2026 жылдың басында отандасымыз Шотландия чемпионатына ауысқан алғашқы қазақстандық футболшы атанып еді.
Содан бері Ислам Шотландия Кубогы мен чемпионатында 3 рет кездесуге қатысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов