Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

«Ақтөбенің» бұрынғы көшбасшы ойыншысы «Каспий» сапына ауысты

«Ақтөбенің» бұрынғы көшбасшы ойыншысы «Каспий» сапына ауысты

Фото: «Каспий» футбол клубы

Аргентиналық Леонель Струмия «Каспий» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабаралйды Sport12.kz.  

Аргентиналық футболшы кәсіби мансабында өз еліндегі «Club Atlético Alumni» футбол клубында бастады, кейін Латвия чемпионатында өнер көрсетті. 2015 жылы «Лиепая» футбол клубы сапында Латвия чемпионы атанды, 2017 жылы осы клуб құрамында Латвия кубогын жеңіп алды.

2021 жылы РФШ футбол клубы сапында Латвия чемпионы атанып, Латвия кубогының иегері болды.

2023 жылы «Ақтөбе» футбол клубына ауысып, 2 маусым ойнады. «Ақтөбе» құрамында 2023, 2024 жылдары Қазақстан Премьер-Лигасының қола жүлдегері және 2024 жылы Қазақстан кубогының иегері атанды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»