5 сағат бұрын
«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы алғашқы ойынын өткізеді
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Ертең, 23 ақпанда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалдық кезеңінде қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» командалары алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық команда сағат 20:00-де өз алаңында Испанияның «Картахенамен» кездессе, 00:30-да семейлік клуб сырт алаңда Францияның «Ницца» клубымен шеберлік байқасады.
Екі кездесу де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, 1/8 финалда «Қайрат» Бельгияның «Андерлехт» клубын (7:3, 5:3) қапы қалдырса, «Семей» Польшаның «Пяст» командасын (3:3, 5:3) жеңіп кетті.
Биыл футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өзгерістер енгізілді. Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінді. Командалар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығында өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізді.
Енді 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында командалар сол ереже бойынша ширек финалда сынға түседі.
Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»