18 сағат бұрын
«Ақтөбе» клубының жаңа маусым алдындағы жоспары қандай?
«Ақтөбе» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтады.
Клуб жаңа Қазақстан Премьер-Лигасы (ҚПЛ) маусымына дайындықтың соңғы кезеңін елордада өткізеді. «Қызыл-ақтар» 26-27 ақпан күндері Астанада жиналып, бірінші турдағы «Тобыл» матчына дайындық жүргізбек. Ойын алдында команда Түркістанға ұшып кетеді.
Айта кетейік, Түркияда өткен соңғы дайындық кездесуінде «Ақтөбе» ресейлік «Сочи» командасынан 0:3 есебімен ұтылды. Ал жаңа маусымда клуб алғашқы үй ойындарын «Түркістан Арена» стадионында өткізбек. Өз стадионына оралу тек чемпионаттың бесінші турында жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»