Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16 сағат бұрын

ҚПЛ клубы ресми түрде сатылымға қойылды

ҚПЛ клубы ресми түрде сатылымға қойылды

Атырау облыстық футбол командасының 100 пайыздық үлесі ресми түрде саудаға шығарылды.

Әңгіме «Облыстық футбол командасы „Атырау“» ЖШС-нің толық акциялар пакеті жөнінде болып отыр.

Бастапқы баға 175,6 миллион теңге болып белгіленген, ал нарықтық құны 250,8 миллион теңгеге бағаланған. Аукцион 2026 жылғы 10 наурызға жоспарланған. Өтінімдер қабылдау басталып кеткен, сондай-ақ нысанды жалғыз қатысушыға сату мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Шахтер клубы 55,3 миллион теңгеге, ал Актобе 364 миллион теңгеге сатылған болатын.

Алайда негізгі жауапкершілік сатып алу құнында емес. Жаңа инвестор 27 міндеттемені орындауы тиіс. Ең басты талап – құны кемінде 1 миллиард теңге болатын заманауи футбол академиясын салу. Жобада жаттығу алаңдары, медициналық блок, бапкерлер бөлмелері және 50 орындық жатақхана қарастырылған. Жобалау жұмыстарына бір жыл, ал құрылысқа үш жыл мерзім беріледі.

Сонымен қатар инвестор клуб инфрақұрылымын, оның ішінде «Мұнайшы» стадионын күтіп-ұстауға, жыл сайын аудиттен өтіп, қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге міндетті. Алдағы үш жылда футбол орталығында кемінде 1000 жас спортшыны қамту және негізгі құрамға жергілікті тәрбиеленушілерді жүйелі түрде тарту талабы да қойылған.

Клубтың тарихи атауы, дәстүрлі түстері мен эмблемасы өзгеріссіз сақталады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»