15 сағат бұрын
Струмия:«Ақтөбеге оралғым келді»
«Каспий» клубының жартылай қорғаушысы Леонель Струмия «Ақтөбе» клубынан басқа командаға ауысу себептерін айтып берді.
Аргентиналық футболшы кейбір жанкүйерлердің ренішін түсінетінін, алайда оларға ешқашан құрметсіздік көрсетпегенін жеткізді:
«Ақтөбе жанкүйерлеріне деген жылы сезімім әрдайым өзгермейді. Біз бірге өткізген жылдар менің мансабымдағы ең бақытты кезең болды. Бірақ көп нәрсе халыққа беймәлім», — деді Струмия.
Ол клубтан кетуі туралы инстаграмдағы хабарламадан кейін білдім деп қосты:
«Біз ел кубогын жеңген соң, мен Ақтөбенің ойыншысы еместігімді сол посттан білдім. Футбол осындай, бірақ маған өте ауыр тиді».
Футболшының айтуынша, бұрынғы бапкері оның трансферін бөгеген:
«Сол жағдайдан кейін де оралғым келді — бұны БАҚ-та айтып жүрдім. Бірақ Ақтөбеден шақыру болмады. Сол бапкер мені сенбеді. Ал мен клуб туралы ешқашан жаман ой айтпас едім, мен оны әлі де жақсы көремін және клуб шешімдерін қабылдаймын.
Бүгін жаңа командаға ойнау құрметі бұйырды, мен оған барлық күшімді саламын. Дегенмен «қызыл-ақтарға» деген махаббатым ерекше және мәңгілік», — деді 33 жастағы футболшы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Струмия Черногорияның «Будучност» командасында ойнаған. Бұған дейін Кипрдегі АЕЛ клубында 11 матчта бір гол соққан. Оның трансферлік бағасы 200 мың евроға бағаланған.
Сонымен қатар, «Каспий» клубы бұрынғы «қызыл-ақтар» ойыншысы Идрис Умаевпен келісімшартқа отырған. Шабуылшы ҚПЛ-де 13 гол және 12 ассист жазған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»