8 сағат бұрын
Даму кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола жүлдесіз қалды
Фото: ҚФФ
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан Даму кубогында қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық футболшылар 3-орын үшін сайыста Өзбекстанмен шеберлік байқасты. Кездесу барысында құрама қарсыласынан екі гол айырмасымен алда тұрған еді. Өзбекстандық жасөспірімдер одан кейін қатарынан үш гол соғып, жеңісті жұлып алып кетті.
Салдарынан Қазақстан құрамасы төртінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетсек, олар топтық кезеңде Минск және Тәжікстан құрамаларын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, тағы бір кездесуде Беларусь U-17 құрамасына 0:2 есебімен жол берді.
Аға бапкер Бауыржан Сағындық бұл турнирге төмендегі ойыншыларды алып барды.
Қақпашылар: Никита Килджиев, Әлихан Шайзада (екеуі де – «Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»);
Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек, Данил Золкин, Мейірлан Балтабаев (бәрі – «Шахтер»), Ислам Рақым, Марлен Әміренов, Мансур Авасханов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан (бәрі – «Қайрат»), Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»), Нұралы Азатқазы (клубсыз);
Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Ринат Бейбітов, Акбар Сәденов (екеуі де – «Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз);
Шабуылшылар: Әнуар Төленді (ҚФФ Академиясы), Рустам Сайфимилюков, Дигдар Омаров, Расул Әкімов (бәрі – «Шахтер»), Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Дәулет Орынбасар (бәрі – «Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»).
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»