Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынында алғаш рет жеңіске жетті

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынында алғаш рет жеңіске жетті

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Қызылордалық «Қайсар» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында жоластық кездесуде Қырғызстанның «Алға» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық команда сапынан Нұрдәулет Ағзамбаев пен Алияр Мұхамед көзге түсті. Оған қарсыластар жауап қайыра алған жоқ. Осылайша қызылордалық футболшылар 2:0 есебімен жеңді. Бұл - олардың жаңа маусымға дайындық барысындағы алғашқы жеңісі.

Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.

Команда құрамына биыл нигериялық танымал футболшы Виктор Мозес қосылды. 

Команда басшылығы өткен жылғы құрамнан қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Темірлан Мұрзағалиев пен Әділет Кеңесбек, жартылай қорғаушы Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев, шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісімшарт мерзімін ұзартты. 

Сондай-ақ команда құрамына шетелден жаңадан қақпашы Адам Ковач (Словакия), қорғаушы Никола Цуцкич (Сербия), шабуылшы Томас Джонс (Чили) келді.

Оған қоса қазақстандық қорғаушы Нияз Ыдырысов, жартылай қорғаушы Сағи Совет, шабуылшы Алияр Мұхамед, алдағы маусымда қызылордалық клуб сапында ойын көрсетеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»