4 сағат бұрын
«Қайрат» академиясының түлегі биыл «Ертіс» сапында ойнайды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Мирас Оматаймен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мирас Оматай — алматылық «Қайрат» академиясының түлегі. Ол клуб жүйесіндегі дайындықтың барлық кезеңдерінен өтіп, ересектер деңгейіндегі алғашқы тәжірибесін дәл осы командада алды. «Қайрат» сапындағы дебютті ойынын 2021 жылы Қазақстан Кубогының топтық кезеңіндегі матчта өткізді. Сондай-ақ алматылық клуб құрамында ел Кубогының иегері атанды.
Өткен маусымды Мирас Оматай «Жетісу» сапында жалға алу негізінде өткізді. Талдықорғандық клуб құрамында жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 15 матчқа қатысып, жоғары деңгейде маңызды ойын тәжірибесін жинақтап, алаң ортасындағы футболшы ретінде жақсы қырынан көріне білді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»