1 күн бұрын
«Барселона» бапкері команданы жігерлендірудің керемет әдісін тапты
Каталонияның «Барселона» клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик командада кешіккені үшін айыппұл жүйесін енгізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч күні кешіккен ойыншыға 40 мың еуро көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ футболшылардың жаттығуларға және командалық жиналыстарға кешігуі үшін де қаржылай жаза қарастырылған. 61 жастағы неміс маманы каталондық ұжымды 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді.
Тараптар арасындағы келісім-шарт 2027 жылдың маусым айының соңында аяқталады.
Ла Лиганың 25 турынан кейін «Барселона» 61 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов