Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады

«Қайсар» оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Оқу-жаттығу жиынының соңғы күнінде «Қайсар» даниялық «FA 2000» командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуде Темірлан Мырзағалиев, Эзикель және Әлімжан Еркін бір голдан соқты.

Қасқырлар ертең елге оралып, 1 наурызда Қызылордада жаңа маусымға соңғы дайындықтарын пысықтайды.

Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.

Команда құрамына биыл нигериялық танымал футболшы Виктор Мозес қосылды. 

Команда басшылығы өткен жылғы құрамнан қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Темірлан Мұрзағалиев пен Әділет Кеңесбек, жартылай қорғаушы Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев, шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісімшарт мерзімін ұзартты. 

Сондай-ақ команда құрамына шетелден жаңадан қақпашы Адам Ковач (Словакия), қорғаушы Никола Цуцкич (Сербия), шабуылшы Томас Джонс (Чили) келді.

Оған қоса қазақстандық қорғаушы Нияз Ыдырысов, жартылай қорғаушы Сағи Совет, шабуылшы Алияр Мұхамед, алдағы маусымда қызылордалық клуб сапында ойын көрсетеді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»