6 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ақтөбе» алғашқы ойындарын Түркістанда өткізеді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубы ресми ойындарын «Түркістан Аренада» өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл шешім Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты қабылданып отыр.
- Чемпионаттың бірінші туры аясында 7 наурыз күні «Ақтөбе» киелі шаһарда қостанайлық “Тобылды” қабылдайды. Ойын сағ. 17:00-де басталады. Оған дейін «Ақтөбе» елордада жиналып, жаттығуларын Астана Аренада жасайды деп жоспарланып отыр, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»