5 сағат бұрын
Қазақстан WU-19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады
Фото: ҚФФ
Қазақстан WU-19 қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына дайындықты бастады
Қазақстан WU-19 қыздар құрамасы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуге аясында бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сондай-ақ бапкерлер құрамында да бірқатар өзгеріс жарияланды:
Ксения Постовая – аға бапкер
Ұлболсын Жолшиева – аға бапкердің көмекшісі
Ербол Мұсабаев – дене даярлығы бапкері
Ирина Саратовцева – қақпашылар бапкері
Наталья Горенко – менеджер.
Швейцарияның Ньон қаласында 2025/26 Еуропа чемпионатының 19 жасқа дейінгі қыздар арасында бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Жеребе нәтижесінде Қазақстанның WU-19 қыздар құрамасы «В» лигасының 6-тобында Израиль, Латвия және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.
Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған алты құрама және екінші орын алғандардың ішінен ең үздігі (төртінші орын алғандарға қарсы ойындар есепке алынбайды) келесі іріктеу кезеңін «А» лигасында бастайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»