7 сағат бұрын
Камерун құрамасының ойыншысы «Ордабасы» сапында ойнайды
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасы» камерундық 26 жастағы қорғаушы Ги-Марселин Киламамен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ги-Марселин Килама – француздық «Ньор» футбол клубының тәрбиеленушісі. Кәсіби мансабын 2018 жылы Францияның Лига 2 чемпионатында бастады. 2018-2023 жылдар аралығында «Ньор» сапында 100-ден астам матч өткізді.
Сондай-ақ Түркияның «Хатайспор» клубында өнер көрсетіп, 77 ойынға қатысты.
2024 жылы Килама Африка кубогының іріктеу кезеңінде Камерун ұлттық құрамасы сапында дебют жасап, 5 матч өткізді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»