6 сағат бұрын
Ресей кубогының иегері «Оқжетпес» сапына қосылды
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» командасы ресейлік қақпашы Мирослав Лобанцевпен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мирослав мәскеулік «Локомотив» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби футбол карьерасын «Локомотив» сапында 2011 жылы бастаған. 2011 жылы 20 тамызда Ресей чемпионатында дебют жасаған.
Мирослав «Крылья Советов», «Ротор», «Қызылжар», «Ақтөбе», «Елімай», «Жеңіс» командаларының қақпасын қорғаған.
Сонымен қатар, қақпашы Ресей ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енген.
Мирослав 2014/15 және 2016/17 жылғы футбол маусымында «Локомотив» сапында Ресей кубогының иегері атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»