6 сағат бұрын
«Тараз» клубының түлегі биыл ҚПЛ-да ойнайды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Қазақстандық 21 жастағы жартылай қорғаушы Нұрдәулет Байбосынов маусым соңына дейін жалға алу келісімі негізінде павлодарлық «Ертіс» клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Нұрдәулет — «Тараз» клубының түлегі. Ол жамбылдық клуб құрылымындағы жастар және негізгі команда құрамында өнер көрсетті. Жамбылдық команда жейдесінде 60-тан аса ресми матч өткізіп, 6 голдың авторы атанды.
Сондай-ақ, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының сапында ойнаған. Өткен маусымда «Атырау» клубының намысын қорғап, премьер лигада дебют жасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»