6 сағат бұрын
Ұлжан Сәрсенбек Странджа турнирінде жарыстан тыс қалды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалдан тыс қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жастар арасында әлем чемпионы, 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек 1/4 финалда АҚШ спортшысы Алиса Мендозамен жұдырықтасып, 0:5 есебімен есе жіберді.
23 ақпан-2 наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы келетіні нақтыланды. Олардың арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және өзге мемлекеттер бар.
Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан тоғыз боксшының бесеуі жарыстың келесі сатысына шықты Олардың қатарында Әнел Сақыш, Элина Базарова, Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов бар.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»