Албаниядағы рейтингтік жарыста қазақстандық қос балуан қола алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста ел құрамасынан Зейнеп Баянова (50 келі) мен Лаура Алмағанбетова (55 келі) чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әйелдер арасында Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңді. Финалда үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен тізе бүктіріп, турнирде жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Ал Лаура Алмағанбетова алдымен Үндістан, Германия спортшыларын қапы қалдырса, ақтық сында украиналық Лиллия Маланчуктен басым түсті.
Айта кетсек, бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келі), Азамат Дәулетбеков (92 келі), Болат Сақаев (86 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Ал Зейнеп Баянова (50 келі), Лаура Алмағанбетова (55 келі) алтын медальға таласады.
Жарыс 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан бұл додада күрестің барлық түрінен сынға түседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»