Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Месси Ямаль жайлы пікір білдірді

Месси Ямаль жайлы пікір білдірді

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси каталониялық Барселона клубының 18 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль туралы жоғары пікір білдірді. Аргентиналық жұлдыз жас талантты әлемдік футболдың болашағы ретінде бағалады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Месси алдағы Финалиссимо турнирі аясында Испания құрамасына қарсы ықтимал матч жайлы сөз қозғап, Ямальмен алаңда жолығуды асыға күтетінін айтты. Оның сөзінше, жас ойыншының алаңдағы батылдығы мен шешім қабылдау қабілеті ерекше әсер қалдырады.

«Испания – өте мықты құрама. Бірақ мен әсіресе Ламинге қарсы ойнауды күтемін. Ол шынымен ерекше футболшы. Жасына қарамастан, ойынды сенімді жүргізеді, жауапкершіліктен қашпайды. Оның әр сәттен ләззат алатыны көрініп тұр», – деді Месси.

Аргентиналық шабуылшы Ямальдің қорықпай дриблингке баруын, үнемі доп сұрап, шабуылға ұмтылатынын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай мінез футболшының ойынға деген шынайы құштарлығын көрсетеді.

«Оған қарсы ойнау оңай болмайды. Бірақ футбол жанкүйері ретінде осындай таланттардың өсіп келе жатқанына қуаныштымын», – деп түйіндеді Месси.

Айта кетейік, бұған дейін Интер Майами сапында өнер көрсетіп жүрген Месси басқа клубтардан ұсыныстар алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сонымен қатар, оның «Барселонаға» ықтимал оралуына қатысты да түрлі пікірлер айтылуда.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»