Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы «Жеңіс» сапына қосылды

Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы «Жеңіс» сапына қосылды

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

«Жеңіс» футбол клубы қазақстандық голкипер Илья Сотникпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Илья – Екібастұз қаласының тумасы және жергілікті футбол мектебінің түлегі. Ол өзінің кәсіби мансабында туған клубы «Екібастұздың» намысын қорғап, павлодарлық «Ертіс» сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ, Ильяның Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған тәжірибесі бар.

- Біз Ильяны өз отбасымызда қарсы алуға қуаныштымыз! Оның реакциясы, салқынқандылығы мен сенімділігі алдағы маусымда клубымыздың мақсаттарына жету жолында маңызды фактор болатынына сенеміз, - деп жазылған хабарламада.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»