3 сағат бұрын
Қазақстан суперкубогының билеті қанша тұрады?
Фото: ҚФФ
28 ақпанда елордада жаңа футбол маусымының шымылдығы түріліп, алғашқы трофей сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атап айтсақ, Қазақстан Суперкубогы үшін матчта ел чемпионы алматылық «Қайрат» пен Қазақстан Кубогының иегері қостанайлық «Тобыл» «Астана Арена» стадионында кездеседі. Амбициясы жоғары, мақсаты айқын қос команданың текетіресі футбол көктемінің шымылдығын ашып, мәртебелі жүлденің иесін анықтайды.
Ойын 28 ақпанда Астанада өтеді. Басталуы – 17:00.
Билеттер «Яндекс Афиша» сервисінде сатылымға шығады. Бағасы – 2000 теңгеден 8000 теңгеге дейін.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»