11 сағат бұрын
«Қайрат» пен «Тобыл» Суперкубок матчына бастапқы құрамдарын жариялады
Бүгін, 28 ақпанда, Астанада Қазақстан Суперкубогы-2026 үшін алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч өтеді.
Ойын алдында екі команда да бастапқы құрамдарын жариялады:
«Қайрат»: Анарбеков, Луиш Мата, Широбоков, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Глейзер, Юккола, Мрынский, Жоржиньо, Эдмилсон.
«Тобыл»: Бусурманов, Папе-Альюн, Цавнич, Марочкин, Жагоров, Вукчевич, Мякиш, Тагыберген, Зуев, Герра, Хебай.
Матч сағат 17:00-де басталады.
Еске салсақ, өткен маусымда «Қайрат» Қазақстан Премьер-Лигасының чемпионы атанды, ал «Астана» екінші орынға жайғасты. «Тобыл» Премьер-Лиганың қола жүлдегері және Қазақстан Кубогының жеңімпазы болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»