8 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды
Алматылық «Қайрат» пен Қостанайдың «Тобыл» Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчта кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның 6-минутында Луис Герра алматылықтардың қорғаныстағы қателігін пайдаланып, есеп ашты. Алайда алматылықтар бірінші таймда таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алға шықты. Алдымен Александр Мрынский гол соқса, артынша пенальтиден кейінгі соққыға Яакко Оксанен бірінші жетіп, есепті 1:2 қылды. Ал 89-минутта Асхат Тағыберген айып соққысынан есепті теңестіріп, матчты пенальти сериясына жеткізді. Пенальтиде «Тобыл» мықтырақ болды.
«Қайрат» — «Тобыл» 2:2 (2:1), пенальти — 4:5
Голдар: Герра 6 (0:1), Мрынский 20 (1:1), Оксанен 26 (2:1), Тағыберген 89 (2:2)
Пенальти сериясы: Рикардиньо — 0:0 (қақпашы), Жұмашев — 0:1, Оксанен — 1:1, Асранқұлов — 1:2, Қасабулат — 2:2, Тағыберген — 2:3, Байбек — 3:3, Ндиайе — 3:4, Сәтпаев — 4:4, Жұмат — 4:5
Осылайша, Кубок иегері өз тарихындағы төртінші Суперкубокты жеңіп алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов