5 сағат бұрын
Максим Самородов Ресей чемпионатында гол соқты
Грозный қаласының «Ахмат» футбол клубының қазақстандық шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының 19-туры аясында Мәскеудің ЦСКА командасына қарсы өткен матчта есеп ашты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің 4-минутында Самородов ЦСКА айып алаңының сызығында допқа бірінші болып жетіп, қақпаға соққы жасады.
Бұл ойынға дейін «Ахмат» 22 ұпаймен турнир кестесінде тоғызыншы орында тұрған болса, ЦСКА 36 ұпаймен төртінші сатыда орналасқан еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов