4 сағат бұрын
Абат Айымбетов Румыния чемпионатында дебют жасады
«Петролул» Румыния чемпионатының 29-туры аясында «Меркуря-Чук» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 51-минутта Рареш Поп алаң иелерін алға шығарды. Алайда 61-минутта «Меркуря-Чук» ойыншысы Лоранд Паска пенальтиден есепті теңестірді. Қазақстандық шабуылшы «Петролул» сапындағы Абат Айымбетов жаңа командасы үшін дебют жасап, 83-минутта алаңға қосалқы құрамнан шықты.
Бұл матчтан кейін «Петролул» 29 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға жайғасты. «Меркуря-Чук» те 29 ұпаймен 13-орында тұр.
Еске салайық, Айымбетов «Петролул» клубына 2026 жылдың ақпан айында ауысты. Бұған дейін шабуылшы құжаттарды рәсімдеу және бейімделу процесіне байланысты команданың өтініміне енбеген болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов