16.06.2023

Қазақстан палуандары Азия чемпионатында көш бастады

Қазақстан палуандары Азия чемпионатында көш бастады

Қазақстан құрамасы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

13-17 маусым аралығында өткен сары құрлық бәсекесіне 11 елден 60 спортшы қатысып, бақ сынады. Аталмыш додада отандастарымыз 4 алтын, 5 күміс жеңіп алды.

Жарыс нәтижесі келесідей:

4 алтын:

Азамат Құрман (60 кг)

Елдос Камелов (72 кг)

Сайлау Мақсат (87 кг)

Ислам Ұмаев (97 кг)

5 күміс:

Ербол Камалиев (55 кг)

Асаухат Мұхамадиев (82 кг)

Сырым Сәрсен (67 кг)

Ислам Евлоев (82 кг)

Джохар Узаров (130 кг)


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас