Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қажымұқан Төлепберген «Ордабасы» сапында 2028 жылға дейін ойнайды 

Қажымұқан Төлепберген «Ордабасы» сапында 2028 жылға дейін ойнайды 

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Қажымұқан Төлепберген «Ордабасы» командасымен келісімшарт мерзімін 2 жылға ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Өткен маусымда қақпашы «Оқжетпес» сапында ойын көрсеткен еді. Енді Қажымұқан 2028 жылға дейін «Ордабасының» намысын қорғайды.

Қажымұқан Төлепберген 2000 жылдың 21 сәуірінде дүниеге келген. Алғашқы мансабын «Ордабасы» клубында бастаса, одан кейін «Мақтарал», «Оқжетпес» клубтарының намысын қорғады.  

«Ордабасы» былтырғы маусымда 26 ойын өткізіп, 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға тұрақтады.

Айта кетсек, биыл «Ордабасы» футбол клубының басқару құрылымында кадрлық өзгерістер болды. Клуб президенті қызметіне Дархан Еркінұлы Қызайбаев тағайындалды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»