Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде СКА командасынан ірі есеппен жеңілді

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде СКА командасынан ірі есеппен жеңілді

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 2 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесуде қазақстандық команда өте сәтсіз ойнады. Бірінші кезеңде ресейлік клуб екі шайба соқса, екінші кезеңде олар тағы үш гол соғып кетті.

Шешуші кезеңде де СКА хоккейшілері екі мәрте көзге түсті.

СКА (Санкт-Петербург, Ресей) - «Барыс» (Астана, Қазақстан) 7:0 (2:0, 3:0, 2:0)

1:0 - Воробьёв (Дишковский, Голдобин) - 09:33

2:0 - Плотников (Педан, Голдобин) - 11:53

3:0 - Савиков (Бландизи, Уилсон) - 24:19

4:0 - Плотников (Голдобин, Уилсон) - 32:08

5:0 - Поляков (Сапего, Гримальди) - 36:49

6:0 - Плотников (Голдобин, Филлипс) - 51:07

7:0 - Короткий (Хайруллин, Савиков) - 56:29

Қақпашылар: Плешков - Шутов (Шил, 24:19 - 60:00)

Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:7 есебімен есе жіберді. Бұл - олардың қатарынан бесінші жеңілісі. 

Турнир кестесінде «Барыс» 47 ұпаймен 19-орынға жайғасса, СКА 71 ұпаймен 11-орынға көтерілді.

Айта кетсек, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 команда құрамына енгендер шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

«Барыс» клубы бұдан кейін төрт ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 7 наурызда Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) клубымен кездессе, 10 наурызда Реесйде «Амур» (Хабаровск), 12 және 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»