Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Албаниядағы рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы үздік атанды

Албаниядағы рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы үздік атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Тирана қаласында (Албания) 26-28 ақпан аралығында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәлім етті.

Жалпы қорытынды:

1. Қазақстан

2. Үндістан

3. АҚШ

Жарыстың үшінші күнінде аруларымыз бірнеше жүлдеге қол жеткізді. 72 кг салмақта Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алып, турнир чемпионы атанды. Сонымен қатар Нилуфар Раймова (57 кг) қола жүлдеге ие болса, 76 кг салмақта Гүлмарал Еркебаева да үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, додаға әйелдер арасында 22 мемлекеттен 107 спортшы қатысты.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»