Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Тараз» командасының ардагер футболшысы өмірден өтті

«Тараз» командасының ардагер футболшысы өмірден өтті

Фото: «Тараз» футбол клубы

«Тараз» командасының ардагер футболшысы Вячеслав Хван 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспаөз қызметі мәлім етті.

Вячеслав Львович футболшы ретінде жамбылдық клуб сапында (сол кездегі атауы «Химик») 300 ресми кездесу өткізген.

Әр жылдары команда құрамында жаттықтырушы, бапкер, команда жетекшісі болып қызмет жасады.

Вячеслав Хван 1947 жылы 10 сәуірде Ресейдің Калуга облысында дүниеге келген. Футболшылық мансабына 1966 жылы «Восход» (қазіргі «Тараз») командасында бастаса, одан кейін «Политотдел», «Қайрат», «Спартак» (қазіргі «Елімай») клубтарында доп тепті.

1979-2008 жылдары «Тараз» және «Жетісу» клубтарында бапкерлік қызметте болды.  

  


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»