Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Асқар Қожабергенов: «Техникалық даму комитетінің құрылғаны өте дұрыс қадам»

Асқар Қожабергенов: «Техникалық даму комитетінің құрылғаны өте дұрыс қадам»

Фото: ҚФФ

ҚФФ Техникалық даму комитетінің мүшесі, ардагер футболшы, бапкер Асқар Қожабергенов Техникалық даму комитетінің отырысында талқыланған мәселелер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Федерация Техникалық даму комитетін құрғаны өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Өйткені бұл комитетте Қазақстан футболына үлкен еңбек сіңірген мамандар бар. Бүгінгі отырыста бірінші және екінші лигадағы лимит мәселесін талқыладық. Жас футболшыларға көбірек мүмкіндік беру жайын қарастырдық. Мұның бәрін ұлттық құрамалардың ойындарымен сәйкестендіру керек. 2006, 2007, 2008 жылғы ойыншылардың тұрақты практика алуы үшін лимитті сақтаудың маңызы зор.

Бұдан бөлек, Қазақстан футбол федерациясының жалпы философиясын талқыладық. Барлық бағыттарды бөліп-бөліп қарап, танысып шықтық. Ұлттық құрамалар департаментінің басшысы Руслан Балтиев барлық құрамалардың бапкерлер штабымен таныстырып, алдағы жоспарлар туралы айтты. Оқу-жаттығу жиындары мен УЕФА турнирлері де сөз болды. Отырысты өте өнімді өтті деп бағалаймын. Келесі кезеңде аналитика мәселесіне де тоқталамыз.

Бұрын ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлерін тек президент немесе бас хатшы тағайындайтын. Қазір Қазақстандағы тәжірибелі мамандардың пікірін ескеріп, ортақ талқылау арқылы шешім қабылдау – футболымыз үшін пайдалы қадам. Жанкүйерлер де «неге осы бапкер?» деп сұрақ қояды. Ал енді білікті мамандар ашық талқылап, өз ойларын айтып, қолдау көрсетіп отырса, бұл ұлттық құрамаларға да, жалпы қазақ футболына да оң әсерін тигізеді деп сенемін», – деді Қожабергенов.

  

 


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»