5 сағат бұрын
Бегайым Қырғызбаева Қазақстан әйелдер құрамасының жеңісіне не әсер еткенін айтты
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева Арменияны (3:0) жеңгеннен кейін ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол Қазақстан футбол федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
- Қазақстандық барша жанкүйерлерді биылғы маусымның ашылуымен құттықтаймын. Ұлттық құраманың және менің бапкерлік қызметтегі алғашқы ойынымда сенімді жеңіске жеткеніме өте қуанышытымын. Қыздарға үлкен алғысымды білдіремін. Ойынға деген жоспарды толықтай орындап шықты. Сондай-ақ ұлттық құрам сапында Кристина Шустова мен Анеля Сұңқарова тұсаукесер матчын өткізді. Олар да құраманың жеңісіне зор үлесін қосты, - деді Бегайым Қырғызбаева.
Бегайым Сапарқызы – қазақстандық әйелдер футболының ең жарқын өкілдерінің бірі. Футболшы ретінде 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген рекордшы атанды. Оның еншісінде елдің басты командасы сапында 85 ойын және 17 гол бар.
Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметін 2022 жылы бастады. Ол «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»