2 сағат бұрын
ВИДЕО ОБЗОР: «Барселона» ірі есеппен жеңді, бірақ Испания кубогының финалына шыға алмады
«Барселона» өз алаңында «Атлетико Мадрид» командасын қабылдап, Испания кубогының жартылай финалындағы қарымта матчта сенімді жеңіске жетті.
Алғашқы кездесу мадридтік клубтың 4:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған болатын. Жауапты ойында каталониялықтар үш жауапсыз гол соқты.
Кездесудің 29 және 72-минуттарында Марк Берналь дубль авторы атанды. Ал 45-минутта Рафинья пенальтиден дәл соққы жасап, есепті еселей түсті. Қорытынды есеп — 3:0.
Алайда екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп 4:3 болып, финал жолдамасы «Атлетикоға» бұйырды.

Енді мадридтік клуб шешуші ойында «Реал Сосьедад» пен «Атлетик Бильбао» арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Испания кубогының финалы 18 сәуірге жоспарланған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»