Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

«Атырау» бас бапкері қызметінен кетті 

«Атырау» бас бапкері қызметінен кетті 

Фото: «Атыраут» футбол клубы

Беларусьтік маман Виталий Жуковский «Атырау» клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бұл шешім екіжақты келісім негізінде жүзеге асты. Виталий Леонидович атыраулық клуб тізгінін алғаш рет 2022 жылдың жазында ұстады. Үш жылдан астам уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізіп, 28 жеңіске жетті, 28 кездесуді тең аяқтап, 29 рет жеңіліс тапты, - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, беларусьтік маман 2025 жылдың 1 желтоқсанында атыоаулық клубта қызметін жалғастыратыны жөнінде келісімге келген еді. 

л 2022-2024 жылдары аралығында «Атырау» бас жаттықтырушысы болып, командамызды Қазақстан Кубогінің финалына шығарды. Ел чемпионаты аясында соңғы жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді.

Айта кетсек, «Атырау» биылғы маусымдағы алғашқы матчтарын Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өткізеді.

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты арена уақытша жабылған. 

Доп додасының 1-турында олар 8 наурызда «Ұлытау» командасымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»