7 сағат бұрын
Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту мәселесі талқыланды
Фото: ҚФФ
Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен FIFA-ның бірлесуімен өткен іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесуде ҚР-дағы бұқаралық және әуесқой футболды дамытуға жүргізілген ауқымды талдау қорытындылары талқыланды.
FIFA-ның Жаһандық футболды дамыту департаменті 2023–2025 жылдар аралығында елдегі қолданыстағы құрылымдар, басқару тетіктері және бұқаралық футболдың одан әрі даму әлеуетіне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесінде негізгі тұжырымдар мен тәжірибелік ұсынымдарды қамтитын аналитикалық есеп дайындалды.
Іс-шарада FIFA-ның техникалық сарапшылары зерттеу нәтижелерін ҚФФ қызметкерлері мен шақырылған мамандарға таныстырды. Талқылауға FIFA-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық техникалық консультанты Гайоз Дарсадзе, Еуропа бойынша аймақтық техникалық консультанты Томас Данилевичус, сондай-ақ әуесқой футболды талдау жөніндегі FIFA менеджері Раймондас Статкевичус қатысты
Іс-шара Қазақстандағы бұқаралық және әуесқой футболды халықаралық стандартқа сай одан әрі дамытуға бағытталған кәсіби диалог пен нақты қадамдарды талқылау алаңына айналды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»