6 сағат бұрын
Қазақстандық миллиардер «Тобылдың» бас құрылтайшысы атанды
Фото: ҚФФ
Қазақстандық миллиардер Шухрат Ибрагимов қостанайлық «Тобыл» футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ERG Директорлар Кеңесінің төрағасы – Бас атқарушы директоры Ш. Ибрагимов қостанайлық «Тобыл» футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы атанады.
Мұндай ірі әрі сенімді серіктестің қолдауымен «Тобыл» командасы жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады, - деп жазылған хабарламада.
\Қостанайлық клуб биыл Қазақстан суперкубогының иегері атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»