Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Атырау» командасының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

«Атырау» командасының жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

Фото: ҚФФ

Елімізге танымал футбол бапкері Владимир Чебурин «Атырау» командасының жаңа бапкері атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев мәлім етті.

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин бұл қызметін Қазақстан жастар құрамасы бас бапкері қызметімен қоса атқарады.

Бұған дейін Владимир Чебурин «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарында, сондай-ақ Литваның «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында жұмыс істеген.

«Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты мәрте ел чемпионы атанып, үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубогын жеңіп алған. Сонымен қатар Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері деп танылған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»