Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Каспий» құрамында биыл кімдер ойнайды?

«Каспий» құрамында биыл кімдер ойнайды?

Фото: «Каспий» футбол клубы

Ақтаулық «Каспий» 2026 жылғы маусымға құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Айта кетейік, өткен маусымда «Каспий» Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, КПЛ-ге жолдама алды. Жуырда команданың бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Пиралы Әлиев тағайындалған болатын.

«Каспий» құрамы

Қақпашылар: Нұрлыбек Аязбаев, Дінмұхамед Жомарт, Бейбарыс Қалдыбай;

Қорғаушылар: Андре Амарал, Мақсат Тайкенов, Диержон Арипов, Амандық Нәбиханов, Бернардо Мортадо, Нұралы Елемес;

Жартылай қорғаушылар: Лионель Струмия, Бекзат Қабылан, Идрис Умаев, Ноа Ндомбави, Мейрамбек Серікбай, Самат Шәмші, Давид Есімбеков, Мағзұм Жоламан, Дархан Бердібек, Мұхамед Қуаныш;

Шабуылшылар: Бақдәулет Зульфикаров, Густаво Франча;

Алғашқы турда ақтаулық команда сырт алаңда 8 наурызда Петропавлдың «Қызылжар» клубымен кездеседі.  


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»