Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Андрей Мартин «Ордабасы» алдына қандай мақсат қойылғанын айтты

Андрей Мартин «Ордабасы» алдына қандай мақсат қойылғанын айтты

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері Андрей Мартин баспасөз мәслихатында маусымға дайындық туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz. 

«Баршаңызды жаңа маусымның басталуымен құттықтаймыз. Бұл қала үшін, Шымкент үшін, жалпы жұртшылық үшін өте маңызды. Біздің команда – бәрі жақсы көретін, жанкүйерлік ететін, сол үшін стадионға келетін команда. Клубқа жаңадан қосылған жаңа басшылыққа алғыс айтқым келеді. Олар клуб алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Басшылықтың амбициясын команда да толық қолдап отыр. Бізге команданың негізгі қаңқасын сақтап қалу бұйырды. Бұл өте үлкен жетістік. Өткен маусымда ойнаған ойыншылардың басым бөлігі командада қалды. Қазір клуб команданы күшейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Белгілі бір позицияларды күшейтіп, команданы одан да мықты, одан да берік етуге тырысып жатырмыз. Барлығымыз бірге – клуб басшылығы, ойыншылар, бапкерлер штабы, әкімшілік құрам – бәріміз бір мақсатқа жұмыс істейміз. Осы маусымда бәріміз бірге жақсы маусым өткізіп, жақсы нәтижелермен қуантамыз деп үміттенемін», – деді Андрей Мартин.

Команданы молдавиялық маман Андрей Мартин басқарады. Айта кетейік, өткен маусымда «Ордабасы» турнир кестесінде 8-орынға жайғасып, Қазақстан Кубогының финалында жеңіліс тапқан.

Жаңа маусымда клуб чемпионаттағы нәтижелерін жақсартып, кубоктық жолын жалғастыруға дайын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»