Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Виктор Мозес Қызылордаға қашан келеді?

Виктор Мозес Қызылордаға қашан келеді?

Фото: Әділжан Үмбет

Нигериялық шабуылшы Виктор Мозес Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына қашан қосылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Бұл жөнінде қызылордалық клуб президентінің кеңесшісі Айбек Қабылша мәлім етті.

Қазір нигериялық футболшының Қызылордаға келуіне барлық жағдай жасалып жатыр. Ол жақын арада команда құрамына қосылады деп күтілуде. Дереккөз мәліметінше, клубтың жартылай қорғаушысы Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып шыға алмай отыр. 

Футболшы 1990 жылы Нигерияның Лагос қаласында дүниеге келген. Англияның «Кристал Пэлас» командасының түлегі алдымен сол клубта 2007 жылы мансабын бастап, одан кейін «Уиган Атлетик», «Челси», «Ливерпуль», «Сток сити», «Вест Хэм Юнайтед», «Лутон Таун», Түркияның «Фенербахче», Италияның «Интер», Ресейдің «Спартак» клубтарында доп тепкен. 

2012-2018 жылдары Нигерия ұлттық құрамасының намысын қорғады. 



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»