5 сағат бұрын
Рио олимпиадасының қола жүлдегері «Қайсар» сапында ойнайды
Фото: ria.ru
Нигерия ұлттық құрамасы сапында 2016 жылғы Рио олимпиадасының қола жүлдегері Изо Эзекиль алдағы маусымда «Қайсар» сапында ойнайды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жөнінде инсайдерлік ақпарат көздерінен белгілі болды.
Изо Эзекиль 1993 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Өз мансабында Бельгияның «Стандард», «Андерлехт», «Кортрейк», Испанияның «Лас-Пальмас», Түркияның «Коньяспор», Катардың «Аль Араби», Біріккенн Араб Әмірлігінің «Аль-Жазира», «Аль-Зафра» клубтарында доп тепті.
Ол Нигерия ұлттық құрамасы сапында 2016 жылғы жызғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»