4 сағат бұрын
Стас Покатилов өз командасын Әзербайжан кубогы 1/2 финалына алып шықты
Фото: Getty Images
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов екі пенальтиді қайтарып, «Сабах» командасын Әзербайжан кубогының жартылай финалына алып шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Негізгі кезеңде командалар 3:3 есебімен тең ойнады. Пенальти сериясынан «Сабах» командасы 4:2 есебімен үздік болды.
Стас Покатилов 1992 жылы дүниеге келген. Ол ұлттық құрама сапында 2015 жылдан бері 28 кездесуде 54 гол жіберіп алды. Мансабында Стас қазақстандық бірқатар клубтарда ойын көрсетті. Биылғы жылдан бері Әзербайжанның «Сабах» клубына ауысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»