9 сағат бұрын
Криштиану Роналдудың қай жақта жүргені белгілі болды
«Әл-Наср» клубының бас бапкері Жоржи Жезуш команданың шабуылшысы Криштиану Роналду жарақатынан кейін қалпына келу үшін Испанияға кеткенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
Португалиялық футболшы Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Фейхаға» қарсы өткен матчтан кейін жарақат алған.
«Соңғы ойында ол бұлшық ет жарақатына шағымданып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Медициналық тексерістен кейін жарақат күткенімізден де күрделі екені анықталды. Сондықтан демалып, қалпына келу қажет.
Криштиану жарақаттан кейін ем қабылдаған басқа ойыншылар сияқты Испанияға аттанды. Ол Мадридте өзінің жеке терапевтінен ем алады. Оның тезірек сауығып, командаға қайта оралуына үміттенеміз», — деді Жезуш баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын атақты футболшы Таяу Шығыстағы дүрбелеңнен кейін жедел түрде ұшып кеткені айтылып еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов