Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

«Оқжетпес» футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

«Оқжетпес» футбол командасының жаңа құрамы таныстырылды

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Футбол клубы «Оқжетпес» командасының жаңартылған құрамын маусымның басталуымен облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Оқжетпес» командасы – бай тарихы бар ұжым. Ол көптеген белестерді бағындырып, уақыт сынынан өтіп, талай жас таланттардың жолын ашып, мыңдаған жанкүйердің жүрегінде жалын жаққан команда. 70 жылға жуық тарихында клуб бірнеше буын ойыншыларын тәрбиелеп, ел чемпионаттарында лайықты өнер көрсетіп, табандылығы мен мінезін дәлелдеді. Қазіргі таңда команда сапында 8 ақмолалық футболшы ойнайды.

Биыл командаға қамқорлықты ауыл шаруашылығы саласы өз мойнына алады. Біздің аграршылар егіс алқаптарында өнім бойынша рекордтар қойып жүр, енді сіздерден футбол алаңдарында рекордтар күтеміз», – деді өңір басшысы командаға сыйлық ретінде автобус кілтін табыстай отырып.

Спортшылар мен көрермендер үшін португалиялық әнші Лара Алейшоның музыкалық тартуы тосынсый болды. Ол қазақ тілінде ән орындауымен танымал.

«Оқжетпес» футбол командасы Премьер-лигада өнер көрсетеді. Спортшылар маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізді. Қазіргі уақытта 16 футболшымен еңбек келісімшарты жасалған, олардың 5-еуі легионер. Чемпионат басталғанға дейін команда құрамына 25 ойыншыға дейін қабылданады. Бас бапкер – Ринат Алюетов.

Айта кетейік, Ақмола футболына жүйелі қолдауды қоғамдық қорға біріккен аграршылар көрсетеді. Қордың құрылтайшысы – Қазақстанның Еңбек Ері, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»