11 сағат бұрын
Қазақстандық маман «Жетісу» бапкерлер құрамына қосылды
Фото: «Жетісу» футбол клубы
Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс тәжірибелі маман Павел Лаптев «Жетісу» клубының құрамына қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Павел Викторович бұған дейін «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақжайық», «Астана» клубтарында қызмет атқарып, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының жұмысына өз үлесін қосқан.
Биыл талдықорғандық клуб тізгінін қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов ұстады.
Павел Викторович бұған дейін «Ақтөбе», «Тобыл», «Ақжайық», «Астана» клубтарында қызмет атқарып, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының жұмысына өз үлесін қосқан.
Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.
Одан кейін Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 11-орынға тұрақтады.
Қайрат Нұрдәулетов биыл 4 шілдеде «Оқжетпестің» бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын. Ол бұл қызметте Андрей Ферапонтовтың орнын басқан.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»